Пішінді өшіру немесе жою
Қысқаша
Пішіндегі «⋮» мәзірі → «Өшіру» — пішін өтінім қабылдауды тоқтатады, бірақ оны қайта қосуға болады. «Жою» — пішін біржола жойылады. Екі жағдайда да пішіннен келген мәмілелер қалады.

Сайтта не көрінеді
Өшірулі — «Пішін қазір өтінім қабылдамайды. Компаниямен басқа жолмен байланысыңыз.»
Жойылған — «Пішін табылмады». Сайттағы кодты алып тастаған дұрыс.

Ерекшеліктер
Өшірулі пішін тізімде «өшірулі» деп белгіленген. Қосу — «⋮» мәзірі → «Қосу».
Уақытша үзіліс, мысалы мерекелерде — жоймаңыз, өшіріңіз: сайттағы код бұрынғыдай қалады.