Мәміле сомасы: қалай енгізу керек
Қысқаша
Сома «Сомасы, ₸» өрісіне енгізіледі — теңгемен, бос орынмен немесе онсыз: 150 000 және 150000 — бірдей. Тиын — үтір арқылы: 1 250 000,50. Сома 13 цифрға дейін. Соманы бос қалдыруға болады — мысалы, әлі есептемесеңіз.
Қайда енгізу керек
Мәмілені ашыңыз — «Деректер» қойындысындағы «Сомасы, ₸» өрісі (1), содан кейін «Сақтау» түймесін басыңыз. Мәміле құрғанда — «Мәміле қосу» терезесінде.

Сома қайда көрінеді
Тақта баптауларында «Сома» қосулы болса — тақтадағы мәміле карточкасында.
Кезең тақырыбында — мәмілелер саны және олардың сомасы: «4 мәміле · 2 104 000 ₸».
«Мәмілелерде» — «Табылды: …», есептерде — орташа чек және сәтті мәмілелер сомасы.
Ерекшеліктер
Сома өрісіне әріптер қабылданбайды: CRM пішімін айтады.
«Тапсырмалар» тақтасында сома жоқ.
Сүзгісі бар барлық мәмілелер сомасы — «Мәмілелер» бөлімінде.