Мәміле бойынша істер: қоңырау, кездесу, хат, тапсырма
Қысқаша
Іс — мәміле бойынша келесі қадам: қоңырау шалу, кездесу, хат жіберу. Мәмілені ашып, «+ Іс» түймесін басыңыз, түрін таңдаңыз, не істеу керек екенін жазып, мерзімін қойыңыз. Ең жақын іс тақтадағы карточкада көрінеді, ал сіздің барлық істеріңіз «Менің істерімде» жиналған. Орындадыңыз ба — ✓ басыңыз, нәтижесін жазып, келесі істі бірден жоспарлаңыз.
Қадам бойынша
Тақтадағы мәмілені ашып, «Істер» блогында «+ Іс» түймесін басыңыз.

Іс түрін (1) таңдаңыз: «Қоңырау», «Кездесу», «Хат», «Тапсырма» немесе «Еске салу». Не істеу керек екенін (2) жазып, мерзімін (3) таңдаңыз: «Бүгін», «Ертең», «Бір аптадан кейін» немесе күнін. Қажет болса, уақытын, еске салуды, қайталауды және жауаптыны көрсетіңіз. «Қосу» түймесін басыңыз.

Іс «Істер» блогында пайда болады — күнімен, уақытымен және жауаптысымен. Мерзімі өткен істер қызылмен белгіленеді.

Орындағаннан кейін істің сол жағындағы ✓ басыңыз. Нәтижесін (1) жазып, келесі істі (2) бірден жоспарлаңыз: «Келесі істі жоспарлау» белгісі қойылып тұр, әдепкі бойынша — ертеңге қоңырау. «Орындалды» түймесін басыңыз.

Істер қай жерде көрінеді
Тақтадағы мәміле карточкасында — ең жақын іс: түрі мен мерзімі. Мерзімі өткені — қызылмен («мерзімі өтті: кеше»), «+1» — мәміледе тағы бір ашық іс бар.

«Менің істерім» сол жақ панельде — барлық тақталардағы сіздің істеріңіз топтар бойынша: «Мерзімі өткен», «Бүгін», «Ертең», «Осы аптада», «Кейінірек». «Менің істерім» қасындағы сан — мерзімі өткен және бүгінгі істер саны.

Телефонда — дәл солай: мәмілені ашыңыз, «Істер» блогы, «+ Іс» түймесі.

Еске салулар
Еске салу жауаптыға CRM-дегі қоңырау белгісіне келеді: мерзімге дейін «Мерзімінде», «15 мин бұрын», «1 сағ бұрын» немесе «Бір күн бұрын». Әдепкі бойынша — 15 минут бұрын.
Істің уақыты көрсетілмесе, еске салу мерзім күнінің сағат 9:00-інен есептеледі.
Еске салуларды поштаға немесе телефонға да алу «Хабарлама баптауларында» қосылады — жоғарғы оң жақтағы атыңыздың мәзірінде.
Ерекшеліктер
Жаңа істің жауаптысы — мәміленің жауаптысы; іс терезесінде оны өзгертуге болады.
Мәмілені өзгерте алатындар іс қоса алады. Өз ісін орындалды деп оның жауаптысы да белгілей алады — бақылаушыдан басқа.
Орындалған істер жоғалмайды: олар ашық істердің астындағы «Орындалғандар» тізімінде, нәтижесімен бірге.
«Қайталау» — тұрақты істерге: әр апта, ай, тоқсан сайын. Мұндай істі орындалды деп белгілесеңіз, келесісі өздігінен жасалады.
Мәмілесіз іс — «Менің істерімдегі» «+ Жеке іс» түймесі. Оны тек сіз көресіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Іс мәміледен несімен ерекшеленеді?
Мәміле — сату немесе тапсырыс: клиент, сома, кезең. Іс — мәміле бойынша күні бар нақты қадам: қоңырау шалу, кездесу, есепті жіберу. Бір мәміледе көп іс болуы мүмкін.
Істі басқа күнге қалай ауыстыруға болады?
Істің қасындағы қаламды басып, күнін немесе уақытын өзгертіңіз.
Менің істерімді кім көреді?
Мәміле бойынша істерді мәмілені көретіндердің бәрі көреді. Мәмілесіз жеке істерді тек сіз көресіз.