Дайын іріктемелер: ісі жоқ, мерзімі өткен, тұрып қалған
Қысқаша
Іріктемелер — «Мәмілелердегі» сүзгілердің үстіндегі түймелер. Әрқайсысы бір басумен назар аударуды қажет ететін мәмілелерді көрсетеді.

Қандай бар
Ісі жоқ — келесі қадамы жоқ ашық мәмілелер. Күн сайын тексеріңіз: мұндай мәмілелер жоғалады.
Мерзімі өткен істер — ісі мерзімінде орындалмаған мәмілелер.
14 күннен көп тұрып қалған — екі аптадан көп бір кезеңде тұрған мәмілелер.
7 күндегі істер — аптаға не жоспарланғаны.
Жауаптысыз — ешкім жүргізбейтін мәмілелер.
Ерекшеліктер
Іріктемені сүзгілермен нақтылап, өзіңіздікі ретінде сақтауға болады.
Өз сүзгілеріңіз осы қатарда пайда болады.