Поштаға хабарламалар: хат қашан келеді
Қысқаша
Хат оқиғаға «Поштаға» белгісі қосулы болса ғана келеді. Және бірден емес: хабарламаны CRM-де бір минут ішінде оқысаңыз, хат болмайды. Қатарынан бірнеше хабарлама бір хатпен келеді.

Ерекшеліктер
Әдепкі бойынша хаттар өшірулі — оларды хабарлама баптауларында қосыңыз.
Мекенжай — КБП есептік жазбаңыздың поштасы; ол оқиғалар кестесінің астында көрінеді.
Жіберуші — no-reply@kbp.kz мекенжайынан «КБП CRM». Хаттар «Спамға» түспеуі үшін оны контактілерге қосыңыз.
«Мазаламау» және жұмыстан тыс уақытта хаттар жиналып, кейін келеді: «Мазаламау».
Бөлек қорытындылар бар: күн сайын таңертең істер және дүйсенбі сайын апта қорытындысы.